(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.18.06 № 936 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 936 Қаулысы
(2013.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
|
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Ахметжанов Саян Қылышұлы
| - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Зейнелғабдин Алтай Болтайханұлы
| - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, |
Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы, |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, |
Редакция документа
Демо – версия документа