(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНД...
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 Қаулысы
(2013.03.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2007.19.10. № 971 (бұр.ред.қара) Қаулысымен құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.24.07. № 1136 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1488 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.05. № 598 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.07.04. № 431 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.10.06. № 592 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.03.09. № 912 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрамы өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
№ 725 қаулысымен
бекітілген
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
|
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы
| - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Редакция документа
Демо – версия документа