Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.30.04 № 435 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 435 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 30 сәуірдегі

№ 435 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

 

1. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 39, 556-құжат):

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініштің нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініштің нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындауға арналған өтініштің нысаны осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку