(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 29 ҚАРАШАДАҒЫ № 1149 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 Қаулысы
(2012.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 1149 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1321 Қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа