Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 1 бұйрығы (күші жойылды)

Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 1 бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Осы бұйрықтың:

1) 1-қосымшасына сәйкес «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) 2-қосымшасына сәйкес «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3) 3-қосымшасына сәйкес «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн;

2) белгіленген тәртіппен ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Заң қызметі департаментіне жарияланғаны туралы ақпараттың ұсынылуын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку