(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1999 Ж. 20 НАУРЫЗДАҒЫ № 88 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығы
(2014.19.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже (№ 1 қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы (№ 2 қосымша).
2. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 қарашадағы № 3237 Жарлығының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
| Н. Назарбаев |
Президентінің 1999 жылғы 20
наурыздағы № 88 Жарлығына
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан былай Қауіпсіздік Кеңесі) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
II. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері
Редакция документа
Демо – версия документа