(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2012.13.11 № 427 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 13-і
№ 427
Президентінің
2012 жылғы 13 қарашадағы
№ 427 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыру
1. «Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат; 2002 ж., № 6, 36-құжат; 2003 ж., № 34, 332-құжат; 2006 ж., № 48, 507-құжат; 2007 ж., № 10, 114-құжат; № 36, 402-құжат; 2009 ж., № 60, 530-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға,
|
Досаев Ерболат Асқарбекұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі,
|
Силецкий Виталий Брониславович | - «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы |
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан С.Е.Жүнісов, К.Қ.Мәсімов, Б.Ә.Сағынтаев шығарылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа