-
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092
қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2014 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу
ережесi
(2013.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы) алуға үмiткер отбасылардың жиынтық табысын есептеу тәртібін белгiлейдi.
1. Жиынтық табысты есептеу тәртібі
1. Отбасының жиынтық табысын балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган есептейдi.
2. Жиынтық табысқа осы Ереженiң 2-бөлiмiне сәйкес отбасы құрамында есепке алынған барлық адамдардың балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) табысы қосылады.
Есептi кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген отбасы мүшесiнiң табысы келген күнiнен бастап есепке алынады. Есептi кезеңде отбасының мүшесi кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнiнен бастап отбасының кеткен мүшесiне келетiн орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шегерiле отырып есептеледi.
3. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы есептi кезеңдегi жиынтық табысты көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi.
4. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
Редакция документа
Демо – версия документа