«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 26-ө Өкімі (2015.15.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 26-ө Өкімі
(2015.15.12. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | С. Ахметов |
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 26-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық
салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1. | Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ ИЖТМ ӨДМ СІМ Қаржымині АШМ | 2014 жылғы наурыз | |
2. | Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылған импортталатын тауарларға акциздердің мөлшерлемелерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ ИЖТМ Қаржымині АШМ | 2014 жылғы наурыз |
Демо – версия документа