(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.04.10 № 1018 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1018 Қаулысы
(2013.29.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің нысаны;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы
№ 1018 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған
Редакция документа
Демо – версия документа