Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2012.15.11 № 432 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесін бекіту және «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

Осы редакция 2014 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.

3. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 42, 551-құжат; № 58, 793-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:

«С санаттарының тобы» бөлімінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«С санаттарының тобы

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар

Орталық атқарушы органдар

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

Орталық атқарушы органдардың ведомстволары

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері»;

С-1, С-2 және С-3 санаттары мынадай редакцияда жазылсын:

«С-1 санаты

Аппарат жетекшісі1

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі

Орталық атқарушы орган комитетінің төрағасы

С-2 санаты

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку