Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1128 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2014 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2013.22.11. № 1254 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1128 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2013.22.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі.

3. Қызмет берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменттері (бұдан әрі - қызмет беруші), олардың мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz  (бұдан әрі - портал).

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) қызмет алушы орталыққа немесе порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі лицензияны беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (құжаттардың қабылданған күні мен берілген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку