«Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 157 Қаулысы (күші жойылды)
Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 157 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 213 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдер еркін сауда туралы келісімдер жасаспаған не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған тарифтік квоталардың 2014 жылға арналған көлемі;
2) тарихи өнім берушілер арасындағы тарифтік квоталардың 2014 жылға арналған көлемін бөлу (1-кезең) бекітілсін.
2. «Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 320-қүжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жасалсын:
«3) тауарды тарихи өнім берушінің әкелу көлемі - өнім беруші елдерде шығарылған, осының алдындағы кезең үшін Қазақстан Республикасының аумағына «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелінген тауарлардың заттай мәндегі саны»;»;
6) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осының алдындағы кезеңде немесе тікелей осы жылдың алдындағы тарифтік квота белгіленген жылдың ішінде өнім беруші елдерден тауарды «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асыруы тиіс»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тауар - өнім беруші елдер шығарған, оларға қатысты тарифтік квота белгіленген еттің кейбір түрлері;
Документ утратил силу
Демо – версия документа