«Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкімі (2019.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкімі
(2019.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2021 жылғы 3 сәуірдегі № 544 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 88 Жарлығына сәйкес:
ҚР Президентінің 2015.20.05. № 3 өкімімен (бұр.ред.қара); 2017.20.10. № 568 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мынадай:
1) сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
2) әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
3) құпия;
4) саяси-қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
5) ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
6) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
7) экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялары құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы өкімге 1-7-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының лауазымдық құрамы;
2) осы өкімге 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының үлгілік ережесі бекітілсін.
3. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкімінің 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
ҚР Президентінің 2014.17.09. № 911 Жарлығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Сыртқы істер министрі, комиссия төрағасы
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Документ утратил силу
Демо – версия документа