«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығы (2025.09.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру туралы
(2025.09.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2023.11.04. № 194 Жарлығымен (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.23.04. № 853 Жарлығымен (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2023.11.04. № 194 Жарлығымен (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.23.04. № 853 Жарлығымен (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы тамыздың 28-і.
№ 624
ҚР Президентінің 2025.23.04. № 853 Жарлығымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 624 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін (бұдан әрі - қызметкерлер) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервіне (бұдан әрі - Президенттік кадр резерві) іріктеудің, алудың, оларды даярлаудың және одан шығарудың ерекше тәртібін айқындайды.
Демо – версия документа