Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 Қаулысы (күші жойылды)

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 Қаулысымен 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 17 ақпандағы

№ 97 қаулысымен

бекітілген

 

 

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық
бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку