Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 15 ақпандағы

№ 94 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес;

2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілген қызметті алушыға рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: шитті мақта сапасының қағаз тасығыштағы куәлігі.

7. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку