Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22-ақпандағы № 14 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 11-04-07/и-4008 бұйрығы

«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22-ақпандағы № 14 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 11-04-07/и-4008 бұйрығы

 

«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22-ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықта:

14-тармақтың 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тіркеуші орган қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті алғаннан кейін және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және кепіл ұстаушыға «электрондық үкіметтің» веб-порталына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Нұсқаулықтың 7, 8-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.»;

осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда 7-қосымшамен толықтырылсын;

осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда 8-қосымшамен толықтырылсын;

осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда 9-қосымшамен толықтырылсын;

2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку