(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.14.09 № 1196 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 Қаулысы
(2013.18.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкiметiнiң
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1196 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1116 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2013.02.10. № 1042 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жұмыс берушiнiң қызметкерге кiрiстер түрiнде төленетiн шығыстарын есептеу, әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар, iшкi iстер органдары, қаржы полициясы және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлестерiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарына қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде (бұдан әрi - Салық кодексi) көзделген тәртiппен жүргiзiледi.».
4. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 848 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа