Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.31.01 № 71 ҚАУЛЫСЫ

Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен оның аумақтық органдары - санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері:

республикалық маңызы бар ұйымдар жүзеге асыратын медициналық қызметті, сондай-ақ «сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама, еңбекке уақытша жарамсыздық және кәсіби жарамдылық сараптамасы» медициналық қызметтің кіші түрлерін;

фармацевтикалық қызметтің кіші түрлерін: дәрілік заттарды шығаруды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаруды, медициналық техниканы шығаруды, дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кіші түрлерін қоспағанда, медициналық қызметті;

фармацевтикалық қызметтің кіші түрлерін: дәрілік заттарды дайындауды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку