Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1128 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1128 қаулысымен

бекітілген

 


«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын
ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.04.12. берілген өзгерістермен)



1. Жалпы ережелер

 

1. «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган), облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі - департаменттер) және мекенжайлары және жұмыс кестесі осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «электрондық лицензиялау» порталы: www.elicense.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабы 3-тармағының, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-1-бабының және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz;

2) орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) орталықтың филиалдарындағы стенділерде;

4) порталда орналастырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку