(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.14.02 № 134 ҚАУЛЫСЫ
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 Қаулысы
(2013.10.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 521-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 267 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 208-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 14 ақпандағы
№ 134 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа