(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.05.06 № 745 ҚАУЛЫСЫ
Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық- инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 745 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктері айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 5 маусымдағы
№ 745 қаулысына
қосымша
Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктері
1. Қаржыландыру шарттары
1. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары:
1) Қазақстан Даму Банкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да ұлттық даму институттарының (бұдан әрі - қаржыландырушы ұйым) индустриялық-инновациялық жобаны (бұдан әрі - жоба) қаржыландыруға қатысу мөлшері ол жоба сметасы сомасының 80 % (сексен пайыз) аспайды;
2) жоба сметасы шеңберіндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің (бұдан әрі - субъект) және (немесе) өзге үшінші тұлғалардың қаржыландыру үлесі ақшалай қаражатпен жүзеге асырылады;
Редакция документа
Демо – версия документа