Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.02.03 № 212 ҚАУЛЫСЫ

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру
үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 212 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары;

2) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 2 наурыздағы

№ 212 қаулысымен

бекітілген

 

 

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін

жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5 бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін (бұдан әрі - биоотын өндірісі бойынша есептер) табыс ету тәртібін айқындайды.

2. Биоотын өндірушілер осы Қағидада белгіленген тәртіппен № 1, 2, 3 есептілік нысандарын ұсынады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку