«Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысы (2017.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысы
(2017.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚІЖК-нің», «ҚІЖК» деген сөздер тиісінше «ҚПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-1 «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік құпиялар туралы Заң) 1-бабына сәйкес, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қабылданған нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен мемлекет олардың таратылуын шектейтін, мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын, мемлекет қорғайтын мәліметтер - мемлекеттік құпиялар деп танылатыны түсіндірілсін.
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. ҚК-нің 185, 186 және 458-баптарында көзделген қылмыстармен келтірілген нұқсанның мөлшері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысымен бекітілген, «Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн нұқсан мөлшерiн анықтау ережесiне» (бұдан әрі - Ереже) сәйкес белгіленеді.
Демо – версия документа