«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1377 Қаулысы (күші жойылды)
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1377 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1377 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 488 қаулысымен
бекітілген
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз
ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған
«Балапан» бағдарламасы
1. «Балапан» бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
Атауы | Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы |
Документ утратил силу
Демо – версия документа