(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.23.12. № 1281 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын азық-түлікпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1281 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында азық-түлікті негізді түрде талап ету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын азық-түлікпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормалары бекітілсін.
2. Жабдықты және асханалық-ас үйлік ыдысты сатып алу республикалық бюджеттен тиісті жылға арналып бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1281 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа
да әскерлері мен әскери құралымдарын азық-түлікпен, жабдықпен,
асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған
нормалары
1-норма
«Жалпы әскери үлес»
N | Өнімдердің атауы | 1 адамға г/күн |
1 | 1-сұрыпты бидай ұны (құнарландырылған) | 10 |
2 | 1-сұрыпты құнарландырылған ұннан пісірілген бидай наны | 400 |
3 | 2-сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан | 350 |
4 | Макарон өнімдерi | 40 |
5 | Түрлі жарма | 98 |
6 | Соя араластырылған өнім | 10 |
Редакция документа
Демо – версия документа