-
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнiнде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнiнде комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекiтілсiн.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерінің күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінiң
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1263 қаулысына
1-қосымша
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның
құрамы
1. Қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық мәселелері бойынша:
Рау Альберт Павлович
| - | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, төраға
|
Жақатаев Еркін Исаханұлы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, төрағаның орынбасары
|
Сыздыханова Толқын Орынбайқызы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті конкурстар және тікелей келіссөздер ұйымдастыру басқармасының бастығы, хатшы
|
Айтаев Ренат Құрметжанұлы
| - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнің Кеңсесi Индустриялық-инновациялық даму бөлiмiнің меңгерушiсi |
Редакция документа
Демо – версия документа