(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.23.04 № 388 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 және «Жеке және заңды тұлғаларына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 388 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 519-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 65-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
65 | Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу* | Жеке және заңды тұлғалар | Әділетмині | Аумақтық әділет органдары | ХҚО | Электронды, қағаз түрінде (мөртабан қою) |
|
|
|
|
|
|
|
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 388 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
Редакция документа
Демо – версия документа