(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.08.10 № 1265 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1265 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6 | «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» | Жеке тұлғалар | ІІМ | Ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері | Ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері | Қағаз түрінде (куәлік) |
».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1265 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа