(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.24.03 № 269 ҚАУЛЫСЫ
Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 Қаулысы
(2012.24.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына және «2011 жылғы 1 қаңтардан бастап оларға қатысты тарифтік квоталар белгіленетін тауалардың тізбесі, сондай-ақ осы тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемі туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 505 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасы;
2) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері;
3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 70-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 406-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа