«Конкурстық негізде орналастырылатын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс және тағылымдама өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 522 бұйрығы (күші жойылды)
Конкурстық негізде орналастырылатын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс және тағылымдама өткізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 522 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығымен 2017 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Конкурстық негізде орналастырылатын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс және тағылымдама өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің, дербес басқармаларының және бөліністерінің бастықтары, Алматы, Астана қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің және оқу орындарының бастықтары үміткерлерді ішкі істер органдарына қызметке қабылдау кезінде осы бұйрықты қатаң басшылыққа алсын.
3. Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке, Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
Ә. Байменов
2013 жылғы 2 қыркүйек
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 27 тамыз
Документ утратил силу
Демо – версия документа