(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.31.03 № 449 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 Қаулысы
(2012.19.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 48-бабының 3-тармағына және 71-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мыналар:
1) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері;
2) Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 125 Қаулысымен өлшемдер жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 449 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу
өлшемдері
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:
1)мыналарды:
құрылыс өнеркәсібін (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон өндірісін);
ағаш өңдеуді;
тоқыма өндірісін және жеңіл өнеркәсіп өндірісін;
жануарлар өнімдерін өңдеуді;
Редакция документа
Демо – версия документа