(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002.29.12 № 1448 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1448 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесі бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
И.Тасмағамбетов |
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1448 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік
мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрi мамандандырылған күзет бөлiмшелерi) қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану тәртібін белгiлейдi.
. Қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану тәртібі
2. Мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң ақылы қызметтердi сатудан алатын қаражаты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында ашылған, мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң «Ақылы қызметтерден түскен қаражат» ағымдағы шоттарына есептеледi және осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес мақсатты пайдалану бойынша қатаң жұмсалады.
. Ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен кiрiс жоспарлары мен шығыстарды қаржыландыру жасалады және бекітіледi.
. Мамандандырылған күзет бөлiмшелерi ұсынатын ақылы қызметтердi сатудан алынатын түсiмдер:
Редакция документа
Демо – версия документа