(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.12 № 2305 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 Қаулысы
(2012.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2305 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 27-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасында:
5.8-кіші бөлімнің бесінші және оныншы абзацтарында «веб-сайты», «веб-сайт» деген сөздер «интернет-ресурсы», «интернет-ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламента туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
120-тармақтың екінші абзацындағы «web-сайтын» деген сөздер «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесінде:
12-тармақтың 9) тармақшасында «веб-сайт» деген сөздер «интернет-ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа