«Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 1066 Қаулысы (күші жойылды)
«Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 1066 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1033 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 179-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген біліктілік талаптарына қосымша мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:
1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамасы бойынша ақпаратты көрсете отырып, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдарды, жабдықты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсету);
2) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:
қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ___________________________________________________;
бұйрықтың қол қойылған күні ___________________________________________________________;
Документ утратил силу
Демо – версия документа