(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.30.06. № 626 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 Қаулысы
(2010.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қолданыстағы заңнамада белгіленген штат санының лимиті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті:
оған өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау, өрттер туралы істер бойынша анықтау және өрт сөндіруді ұйымдастыру функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне;
оған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетіне бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
Редакция документа
Демо – версия документа