(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.19.05. № 475 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 475 Қаулысы
(2008.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамның негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттік меншiктi есепке алуды ұйымдастыру мен жүргiзу;
ҚР Үкіметінің 2008.23.12. № 1228 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2008.23.12. № 1228 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды мыналар:
қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының шаруашылық жүргiзу құқығында оған тиесілi мүлкi;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 33220000 (отыз үш миллион екi жүз жиырма мың) теңге мөлшерiндегi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа