(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.19.05. № 475 ҚАУЛЫСЫ
“Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбір мәселелерi”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 475 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамның негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттік меншiктi есепке алуды ұйымдастыру мен жүргiзу;
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды мыналар:
қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының шаруашылық жүргiзу құқығында оған тиесілi мүлкi;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 33220000 (отыз үш миллион екi жүз жиырма мың) теңге мөлшерiндегi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Редакция документа
Демо – версия документа