Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРІНІҢ....

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығы

 

Осы редакция 2013 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесі бекітілсін.

2. «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және жойылу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 99 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3580 тіркелді, 2005 жылғы 7 қазанда «Заң газетінде» № 121-122 (746) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

А. Рау

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа

технологиялар министрінің м.а.

2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42

бұйрығымен бекітілген

 

 

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу

ережесі

 

Осы ереже «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және таратылу тәртібін белгілейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку