(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 18 ШІЛДЕДЕГІ № 714 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі № 714 қаулысы
(2005.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi құрылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы» және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы» мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң «Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы» және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң «Зайсан-Ертіс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы» мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы», «Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы» және «Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы» мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа