«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1022 Қаулысы (күші жойылды)
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1022 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
«ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
«Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» деген 1-кіші бөлімде:
төртінші бөлікте:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын үй қарыздары, жиналған тұрғын үй құрылыс жинақтары мен меншікті қаражат есебінен кейін сатып ала отырып, тұрғын үйді жалдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалдаудың ең ұзақ мерзімі тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық болмауға тиіс.»;
он төртінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үйді сатып алу салымшылардың жиналған тұрғын үй құрылыс жинақтарының, меншікті қаражаттың және «ҚТҚЖБ» АҚ беретін тұрғын үй қарыздарының есебінен жүргізіледі.»;
он жетінші бөлікте:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жиналған тұрғын үй құрылыс жинақтары, меншікті қаражат және ҚТҚЖБ қарыздары есебінен тұрғын үй сатып алушылардың пулдарына қатысушылар;»;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚТҚЖБ қарыздары, меншікті қаражат және жиналған жинақ сомаларының арақатынасы ҚТҚЖБ басқару органы белгілейтін тұрғын үйді сатып алу тәртібімен айқындалады.»;
«Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер» деген кіші бөлімде:
үшінші бөлікте:
Документ утратил силу
Демо – версия документа