«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 Қаулысы (2014.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 Қаулысы
(2014.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 821 қаулысымен
бекітілген
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1777 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.31.03. № 286 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-бөлім өзгертілді
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы | «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында
|
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган
| Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
|
Документ утратил силу
Демо – версия документа