Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.10.07 № 1039 ҚАУЛЫСЫ

«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері
 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1039 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.

2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленсін.

3. Қосымшаға сәйкес Кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруына рұқсат етілсін.

4. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» бөліміндегі реттік нөмірі 476-жолы алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі» бөлімінде, мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-10 жолмен толықтырылсын:

«21-10. «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»

республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку