««Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1005 Қаулысы (күші жойылды)
«Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1005 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 78-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1005 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1635 қаулысымен
бекiтiлген
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
Р/с № | Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Документ утратил силу
Демо – версия документа