(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.30.11 № 1520 ҚАУЛЫСЫ
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 Қаулысы
(2013.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 189 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.03. № 312 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.25.06. № 649 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқаруға қабылдансын, оның ішінде 2013 жылға:
1) кiрiстер - 5 132 695 739 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсiмдер - 3 504 856 329 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 75 741 504 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 7 700 000 мың теңге;
трансферттердiң түсiмдерi - 1 544 397 906 мың теңге;
2) шығындар - 5 888 519 110 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредит беру - 41 581 562 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 122 875 156 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 81 293 594 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 73 167 974 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 87 605 474 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 14 437 500 мың теңге;
5) тапшылық - -870 572 907 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнің 2,5 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 870 572 907 мың теңге.
ҚР Үкіметінің 2013.25.06. № 649 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2013 - 2015 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шарттарымен енгізілген, ерекше маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
Редакция документа
Демо – версия документа