«Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 Қаулысы (күші жойылды)
«Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 991 қаулысымен
бекітілген
Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер тізбесі және оларды электрондық нысанға
ауыстыру мерзімдері
Р/с № | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыруға және автоматтандыруға жауапты орталық мемлекеттік орган | Оңтайландыру мен автоматтандыру және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою | МҚІА | 2014 |
|
2. | Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу | МҚІА | 2014 |
|
3. | Тестілеу | МҚІА | 2014 |
|
4. | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау | МҚІА | 2014 |
|
5. | Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу туралы куәлік беру | СДШІА | 2014 |
|
6. | Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу | СДШІА | 2014 |
|
Документ утратил силу
Демо – версия документа