(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИН. 2012.29.10 № 744 Ж/Е ҚР ...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 744 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 322 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балалар сүт асүйлеріне арналған тексеру парағының;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балалардың сауықтыру және санаториялық объектілеріне (жыл бойындағы, маусымдық) арналған тексеру парағының;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балалар үйлеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, кәмелетке жетпеген балаларды бейімдеу орталықтарына арналған тексеру парағының;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреседе, баспаналарда, вахталық кенттерде орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда объектілеріне арналған тексеру парағының;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кремнен жасалатын кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілерге арналған тексеру парағының;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес онкологиялық ауруханаларды (диспансерлерді), наркологиялық ауруханаларды (диспансерлерді), медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарын, психиатриялық ауруханаларды (диспансерлерді) қоспағанда стационарлық көмек көрсететін ұйымдарға арналған тексеру парағының;
Редакция документа
Демо – версия документа