(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.05.09 № 1153 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылауды автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтерін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 32-2-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу куәлігін беру (бұдан әрі - куәлік) немесе куәлікке қосымша парақ, куәліктің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы қағаз тасымалдағышта дәлелді жауапты беру болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа