(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.22.05. № 406 ҚАУЛЫСЫ
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 Қаулысы
(2013.15.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі;
2) Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 22 мамырдағы
№ 406 қаулысымен
бекітілген
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырудың бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
2. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) қатысты мәліметтерді Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде, мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде сақтау үшін жүзеге асырылады.
3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) 12 цифрды қамтиды және төрт бөліктен тұрады:
Редакция документа
Демо – версия документа